ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚТАР

Еңбек жолын енді ғана бастаған жас педагогтарға кәсіби жолында жол сілтеу, білмегенін үйретіп, ұстаздықтың ұлағатты жолына бастау қажет-ақ. Осы мақсатта олардың басын жиі қосып, ұлағатты ұстаздар өз тәжірибелерімен бөліссе, бұл жас мұғалімдер үшін зор көмек болары сөзсіз.
Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қаладағы С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің базасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел жас мамандарға арналды. «Заманауи мектептегі сабақ» тақырыбындағы дөңгелек үстелге математика пәнінің мұғалімдеру қатысып, аға буын ұстаздардан тәлім алды. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің математика пәні әдіскері Мария Зейдінқызы Ибраева дөңгелек үстелді ашып, басқосудың мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп өтті. Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектебі мен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімдері, математика пәні мұғалімдері қалалық шығармашылық тобының мүшелері Л.Шамұханбетова мен Ш.Абдуллаева жүргізіп отырған дөңгелек үстел «Танысу», «Ойға шабуыл», «Бүгінгі менің ойым» және «Қорытынды» кезеңдері бойынша өтіліп, жас педагогтар белсенділік танытты. Заманауи мектептегі сабақ заман талабына сай маңызды болуы, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып құрылған әрбір сабақты, әрбір тақырыпты өмірмен байланыстырып жүргізілуі керек. Бұл мектепте алынған білімді, дағдыны өмірдің кез келген жағдайында пайдалана алуында зор көмек болады.
Дөңгелек үстел барысында Ш.Абдуллаева «Білім алушылардың үлгермеушілігін жою жолдары» тақырыбында баяндама жасап, өзі осы бағытта жасап жатқан жұмыстарын ортаға сала отырып түсіндірді. Сонымен қатар, Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектебінің мұғалімі, жас педагог Р.Құрманбаев жаңа сабақты заман талабына сай анимация арқылы өтудің артықшылықтарына тоқталып, оны қолданудың жаңаша әдістерімен бөлісті.
Заманауи сабақ мұғалімнен шығармашылық ізденісті, мамандықты білумен қатар педагогиканың теориялық және практикалық білімді, тиісті оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелігіне бейімдеуді, сыныптағы әр баланың мүмкіндіктері шегінде белсенді әрекет ететініне жағдай жасауды, оқу жоспарлары мен материалдардың үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Сондықтан да осы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтың мақсатына жетуге болады.
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *