«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА — ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» байқауында жас педагогтар дараланды

Әрине, дарынды бала тәрбиелеу үшін ұстаз талантты болуы қажеттігі заңдылық. Ол үшін педагог тек білімді ғана емес, талантты да бола білуі керек. Бір сөзбен айтқанда, өз кәсібін жетік меңгерген мұғалім болуы қажет.
Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» байқауы да жас педагогтар арасынан осындай дарынды жастарды танып қана қоймай, оларға педагогикалық салада қанат бітіруге бағытталды. Бөлімге қарасты білім мекемелерінен 23 жас педагог қатысқан байқауда үміткерлер екі кезең бойынша білімдерін ортаға салды. Атап айтқанда, алғашқы «Педагогикалық дебют» кезеңінде өздерін таныстырумен қатар заманау талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін ұсынды. Ал, келесі «Педагогикалық шеберлік қоймасы» кезеңінде жас педагогтар өздерінің жұмыс жүйесіндегі негізгі идеямен, кәсіби құзіреттілік деңгейлерімен, технологиялық және коммуникативтік мәдениеттерін, сабақ эстетикасымен таныстырып, оқу үрдісін қаншалықты деңгейде талдай білетіндіктерін көрсетті.
Байқау барысында қатысушылардың талапқа сай дайындықтарын, орындаушылық шеберліктерін, өз кәсіби қызметтерін қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін бақылаған қазылар алқасы бас жүлдеге ашылғанына көп бола қоймаған №28 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жас талантты ұстаз Арқалық Әмәлиятұлын лайық деп тапты. Сонымен қатар, басқа да қатысушылар түрлі деңгейдегі жүлделі орындарға ие болды. Ал, Арқалық Әмәлиятұлымен қатар Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Нұрқожа Назарұлы жақсылық пен М.Жұмабаев атындағы №23 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Иван Клименко облыстық байқауға қатысуға жолдаманы жеңіп алды.
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *