ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ

Түркістан қаласы Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінде «Төңкерілген оқу технологиясын қолдану аясында оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында пән апталығының ашылу салтанаты болып өтті, деп жазады akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Төңкерілген оқу технологиясын қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен білім алуын жетілдіру, оқушылардың оқуға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған апталықтың ашылу салтанатында математика пән бірлестік жетекшісі Н.Қаражанова сөз алып, апталықтың іс- жоспарымен таныстырып өтті.
Ашылу салтанаты кезінде пән мұғалімі А.Пошанова оқушылармен «Өмірге позитивті көзқарас» атты тренинг өткізіп, түрлі фигуралармен оқушыларға мотивациялық сұрақтар қоя отырып оқушылармен жұмыс жүргізді. Ал, Н.Каражанова оқушылардың функционалдық сауаттылығын және креативті ойлауын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды үйрету мақсатында «15 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығын және креативті ойлауын дамыту» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен шебер сынып сағатын өткізді. Шебер сынып сағатында математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептерді шығаруды үйретті. Оқушыларда PISA Халықаралық зерттеулердің маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптасып, тапсырмалар орындап, қызықты есептер шығарды. Сонымен қатар, А.Муратбекұлы, Ж.Дүйсебекова, С.Ибаділлә, А.Джуматаева, А.Жұмабеков, М.Сапарбаева және К. Ахметова сынды пән мұғалімдері түрлі деңгейдегі яғни зерттеу, бекіту сабақтарын, сабақтан тыс жұмыстарын және жас мамандармен шебер сыныптарын өткізді.
Апталық барысында оқушылардың білім сапасының көрсеткіш деңгейін бақылау мақсатында сынақ жұмыстары алынып, пән мұғалімдері ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті.
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *