ТҮРКІСТАН: «АЙГӨЛЕКТЕ» АЙТАРЛЫҚТАЙ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі ұйым әдіскері А.Аблазованың 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес «Айгөлек» бөбекжай балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда STEM технологиясының қажеттілігі мен артықшылықтары» тақырыбында қалалық кеңес семинары болып өтті, деп жазады akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, тәжірибе барысында инженерлік қабілеттері мен сыни логикалық ойлауын, қолдың моторикасын дамытып, ұжымдық жұмысқа баулу мақсатында өткізілген семинар барысында қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова сөз алып, педагогтарға шығармышылық табыс тіледі. Сонымен қатар, Оразкүл Шайхықызы жоспарланған ашық ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысып, балалардың жұмыстарымен танысып көрді. Атап айтсақ, мектепалды даярлық «Радуга» тобының тәрбиешісі Г.Раимованың ұйымдастыруымен «Удивительное рядом» тақырыбында болашақ ғалымдар тұздың екі түрге бөлінетінін және оның қасиеттерімен танысып, тәжірибе жұмыстарын жасап көрсетті. «Жұлдызша» ересектер тобының тәрбиешісі Қ.Әміршееваның ұйымдастыруымен «3D қалам» және «Пластинография» әдісін пайдалана отырып сурет салу техникалырын балалар қызығушылықпен жасап өтті. Мектепалды даярлық «Ромашка» тобының тәрбиешісі С.Аметованың ұйымдастыруымен «Клуб увлеченных ребят» тақырыбында пайдалы қазбалардың қалай алынатынын және мырыш пен мыс металын қолдана отырып, алмадан электр қуатын алуға болатын тәжірибені балалар қызығушылықпен орындап шықты. Ортаңғы «Көгершін» тобының тәрбиешісі А.Жолдасбекованың ұйымдастыруымен «Ғажайып аспан әлемі» тақырыбындағы саяхат сабағында бүлдіршіндер майлықты пайдалану арқылы кемпірқосақты су бетіне шығарды.
Семинар қорытындысында қазіргі кезде технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды екені байқалды.
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *