ПЕДАГОГТАР «ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес қазақ халқының атақты ақын-жазушыларының шығармашылығы мен өмірбаяндарын насихаттау мақсатында бөлімге қарасты жалпы орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тлі мен әдебиеті, ағылшын тілі және өзбек тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің арасында облыстық «Поэзия әлемі» байқауының қалалық кезеңі №28 мектеп-лицей базасында болып өтті, деп жазады akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына, Ж.Жабаевтың 175 жылдығына, Ә.Бөкейханның 155 жылдығына және ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойларын атап өту мақсатында ұйымдастырылған байқау екі кезеңді қамтыды. Қатысушы педагогтар алғашқы кезеңде тақырыптық эссе жазып, аталған ақындардың өлеңдерін жатқа оқыса, ІІ кезеңде ақындар туралы тың мәліметтерді зерттеп, ғылыми жоба жұмыстарын қорғады.
Байқауға арнайы қатысқан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова ұстаздарға сәттілік тілеп, ізгі тілектер білдірді. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша қорытынды шығарылып, ұстаздар тиісінше жүлделі орындарға ие болып, бөлімнің марапатына ие болды.
Айта кетерлігі, қалалық кезеңде оза шапқан ұстаздарымыз облыстық кезеңнен де жүлделі орындарға ие болып қайтты. Атап айтатын болсақ, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің мұғалімі Ф.Тажиддинова І орынды, Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектебінің мұғалімі Р.Исмаилова, Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Н.Адилова, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ақбота Бекболатова және Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінің мұғалімі Ақдидар Бақытжанқызы ІІІ орындарға ие болды.
Ұстаздарымызға алдыңғы уақытта да тек биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз. Марапаттарыңыз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *