ТҮРКІСТАНДА «ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ — ЕРБОЛ» ШАРАСЫ ӨТТІ

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының бастамасымен Түркістан қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Ерліктің дастаны — Ербол» атты ерлік сабағы өтті, деп жазады akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі, запастағы лейтенант Дилмурат Хансеитовтың ұйымдастыруымен өткен шараға аталған мектеппен қатар Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектебі мен С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушылары, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдері, Ауған соғысының ардагерлері Закир Абдураимов, Абдусаттар Абдураимов және Бахтияр Мирзараимовтар, Түркістан қалалық қорғаныс істері басқармасының тәрбие-идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыстары және Қарулы күштер ардагерлерімен жұмыс бойынша бөлімше бастығы, аға лейтенант Руслан Усенжанұлы Садыков, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Адхамжан Ходжанов, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Аружан Мақсатқызы Шекербектер қатысты.
Ерлік сабағын мектеп директоры Дилбар Абдуразакқызы Дийметова ашып, ерлік, патриоттық тұрғыда сөз қозғады. Ерлік сабағының тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болған Қарулы күштердің қатарында қызмет етуге бағыттау еді. Дилмурат Хансеитовтың «Батырлар біздің арамызда» атты баяндамасы да жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандыруға, осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға арналды. «Ерліктің дастаны — Ербол» тақырыбында бейнефильмі ұсынылып, фильм соңында келген қонақтар оқушылармен сұхбат өткізді. Мектептің хор тобы мемлекеттік гимнді орындап шықты. Ал, 4 «ә» сынып оқушысы Даулет Атаевтың орындауындағы «Қазақ елім» әні кешке қорытынды жасады. Осыдан кейін кеш қонақтары мен оқушылар бірлесіп «Ерлік даңқы — Мәңгілік» атты ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *