Түркістан: Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған кеш өтті

Әбіш Кекілбайұлы — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, бірнеше әдебиеттердің авторы. Өзінің саналы ғұмырында еліміздің дамуы жолында қажырлы еңбек етумен қатар әдебиет әлемінде де өзіндік қолтаңбасын қалдыра білген қаламгер атанды.

Әдебиетке ден қойған мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған кезекті байқау Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Түркістан қаласының Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебінде өткізілген Республикалық «Әбіш оқулары» байқауының қалалық кезеңіне бөлімге қарасты мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысып, өз шығармашылықтарын көрсетті. Нақтырақ айтсақ, оқушылар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сурет салу, туындыларын мәнерлеп оқу, ғылыми жобаларын қорғау және сахналық көрініс кезеңдері бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде оқушылар өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып, прозалық, поэзиялық туындыларын образға еніп шебер орындап шықты.

Сурет салу байқауы бойынша оқушылар үй жұмысы ретінде Әбіш Кекілбаевтан оқыған шығармалары бойынша бір кезеңінің бейнесін екі сурет етіп салып келіп, екінші кезеңін байқауда жалғастырып, ақынның шығармаларын сырлы бояулар арқылы сөйлете білді. Ал, ғылыми жоба бөлімінде жазушының шығармашылығы бойынша зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің ғылыми ізденістерін қорғап шықса, соңғы сахналық көрініс кезеңі қойылыммен ұласып, шәкірттердің Әбіш шығармашылығын терең меңгергендігін өздері сомдаған рөлдері арқылы кейіпкерлердің бейнесіне еніп, көрермендердің қошеметін иеленді.

Байқау нәтижесі бойынша үздік шығармашылық қабілеттерін таныта білген оқушылар жүлделі орындарға ие болып, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің марапаттарына ие болды.

Іс-шараның мақсаты — Әбіш Кекілбаев өмірі және шығармашылығы туралы мәлімет беру. Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965жылы жарық көрген. Оның көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

 

«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *