ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР БАР

Қазіргі таңда Түркістан қаласында мемлекеттік және жекеменшік 110 мектепке дейінгі ұйым балдырғандарды тәрбиелеу бағытында жемісті жұмыс жасап келеді. Солардың бірі, өзіндік бағытын айқындаған, балалардың алғашқы білім мен тәрбие алуына барлық жағдай жасап, нәтижелі жұмыс жүргізіп келе жатқан — «Алтын ұрпақ» жекеменшік балабақшасы. Балдырғандарды тәрбиелеумен қатар бастауыш білім беруді де қолға алған бастауыш мектеп-балабақшада бүгінде 175 бала бар. Осы балабақша педагогтары қаладағы әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында семинар ұйымдастырып, өздерінің озық бағыттарын көпшілікке ұсынды. Семинар жұмысына Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, мектепке дейінгі ұйым әдіскері Айгерім Қуандықовалар қатысып, бастауыш мектеп-балабақшаның тыныс-тіршілігімен де танысты.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда «STEM» – цифрлық білім беру ресурстары балабақшада білім берудің жаңа тренді» тақырыбында ұйымдастырылған семинар барысында З.Дадашева, Н.Рисметова, С.Юнусова және Р.Налибаевалар ашық оқу қызметтерін ұсынды. Балабақша меңгерушісі Айгерім Назарбаева мектепке дейінгі ұйымның тыныс-тіршілігімен, материалдық базасымен, жұмыс барысында қолданылып келе жатқан заманауи әдістермен таныстырды.
Қазақстанда да STEM-білім беру белсене даму үстінде. STEM — білім беру инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі. Ол балалардың сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдіс екендігін де айта кеткен жөн.
Семинар соңында қатысушылар балабақша педагогтарының жұмыстарына жоғары бағаларын беріп, семинарды ұйымдастырған қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Айгерім Қуандықоваға, балабақша меңгерушісі Айгерім Назарбаеваға, тәжірибесімен бөліскен педагогтарға, ұжым мүшелеріне ризашылықтарын білдірді.
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *