БАРЛЫҚ БАЛА — БАҚЫТТЫ БОЛУ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Түркістан қаласы Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінде «Балалар жылына» орай «Оқушылардың тұлға ретінде даму құқықтарын қалыптастыруда тәрбие үдерісінің маңызы» тақырыбында қалалық семинар болып өтті, деп жазады akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысқан семинарды Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова ашып, «Балалар жылында» атқарылатын жұмыстардың мазмұнымен таныстырып, жас жеткіншектерге бақытты балалық сыйлау біздің міндетіміз екендігін жеткізді.
Мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен басталған семинарда қонақтар спорт алаңында ұйымдастырылған көрмеде «Шебер қолдар», «Қылқалам», «Жас ғалым», «Жас биолог» және «Спорт» үйірмелерінің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, сынып жетекшілері Садулла Шерметов «Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта», тақырыбында, Маматраим Кадиров «Балаларға жылулық сыйла» тақырыбында, Халида Анарбаева «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында, Гулхае Ибадуллаева «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» тақырыбында, Атабек Алимов «Бала тәрбиесі — мәңгілік мәселе» тақырыбында, Гулнора Абдукадирова «Бала бақытты болу үшін жаралған» тақырыбында, Зулфия Аширбаева «Денсаулығың болсын, жан досым» тақырыбында, Шоира Анарбаева «Буллинг: Қалай әрекет етеміз?» тақырыбында сабақтарын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың қорытынды отырысында қонақтар семинардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын тілге тиек етіп, мектеп әкімшілігіне алғыстарын жеткізді.
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *