Түркістан: Ата-аналардың қатысуымен «Мен өмірді сүйемін» іс-шарасы өтті

Өмір — адам баласына бір-ақ рет берілетін сый. Ол әр азамат үшін қымбат. Оны мәнді де мағыналы сүру адамзаттың өз қолында. Дегенмен, осы бағытта жасөспірімдерге жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру маңызды шаралардың бірі.
Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінде өткен қалалық шара да осы мақсатты алдына қойды. Психологтардың басын қосқан шарада адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Гүлвира Серікбай қатысып, әріптестерімен тәжірибелеріне куә болды. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналары қатысқан шара барысында педагог-психолог П.Ешмуратова қатысушылардың назарына өмір жайлы арнайы дайындалған бейнеролик ұсынып, тренинг-жаттығулар ұйымдастырды. Педагог-психолог Н.Есмурзаев сергіту сәтін өткізсе, қатысушылардың назарына аңыз-әңгімелер ұсынылып, түрлі ойындар ойнатылды.
Шара соңында қатысқан оқушылар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Сонымен бірге, адамзаттың өзін-өзі тануына, өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көзқарасына тәуелді болмауға, өзін-өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыруға бағытталған кезекті шара Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебінде өтті. Адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Гүлвира Серікбаймен қатар қаладағы мектептерден педагог-психологтар, 11-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысқан шара «Мен өмірді сүйемін» деп аталды.
Бірлесе жұмыс жасауға шақырып, бірінің ішкі ойын екіншісі ұғынып, түсініп жалғастыра білуге арналған іс-шарада мектеп психологтары А.Конысова мен А.Жақан қатысушылар назарына өмірлік мотивация беретін бейнероликтер мен өмірге деген құлшынысын арттыруға бағытталған түрлі психологиялық жаттығулар жүргізді. Шара соңында қатысқан ата-аналар, оқушылар мен психолог мамандар ұйымдастырушыларға өз ризалығын білдіріп, еңбекте табыс, шығармашылық ізденіс тіледі.
«Аkparatinfo.kz» — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *