ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ТАНЫМЫ

Қожа Ахмет Ясауи тек Қазақ еліне ғана емес, күллі түркі әлеміне танымал болған тұлға. Оның салған ілім жолы сонау XII ғасырда түркі Ислам өркениетіне елеулі үлес қосты. Кейіннен өз өрісін Анадолы, Герат, Иран, Балқан түбегіне дейін жеткерді.

Қожа Ахмет Ясауи Қарахандар заманында дүниеге келеді. Бұл кезең Орта Азияның әлем тархында жоғары белестерге жеткен кез еді. Жаратылыстану ғылымында астрономия, ғалам мен жұлдыздар туралы ғылым, математика, химия, медицина, биология, геология, география, геодезия, т.б. ғылымдар, ал әлеуметтік ғылымдар саласында тіл, әдебиет, тарих, философия, логика, құқықтану, сондай-ақ Құранға негізделген кәлам ілімі, шариғат негізіндегі фикх ілімі, т.б. дамып, Ислам әлемінің «алтын ғасыры» қалыптасқан болатын. Яғни ғылымның дамуы барлық салада биік деңгейге жеткен кез болатын. Сол кезеңде әлемге әйгілі тұлғалар дүниеге келді. Оның ішінде: Мұса Хорезми (қайтыс болған жылы 850), Ахмад Ферғани (қайтыс болған жылы 865), Әбу Мансур Матуридий (қайтыс болған жылы 944). Әбу Насыр Фараби (қайтыс болған жылы 950) және т.б. ғалымдар болды. Міне солардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи бейнесі болды.

Сөз жоқ, Қ.А.Ясауи ілімінің қалыптасуы өз заманындағы негізгі факторлардың да әсері барлығын көрсетеді. Бұл ретте ХІІ ғасырда Ислам дінінде белгілі бір деңгейде тоқырау болғандығы, яғни дін саласында түрлі құбылыстардың орын алғандығын атау керек. Әрине, Қ.А.Ясауи ілімінің негізі дін екені даусыз. Десе де, тарихи факторлар аталған кезеңде Ислам діні біршама кедергілерге ұшырап, кері тартуға бағытталған ұстанымдар орын алған кез болатын. Соқыр сенім, дүниеқоңыздық, діни төзімсіздік, т.т. көрініс тапты. Міне осындай факторлар Ясауи ілімінің қалыптасуына өзіндік ықпал етті.

Келесі үлкен фактордың бірі сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдай. Тарихи көзқараспен қарағанда, сол заманда орын алған саяси тұрақсыздықтың әсері. Соның салдарынан халықтың әлеуметтік өмірінің негізі саналатын тіл, дін, мәдениет, өнер, жалпы дүниетанымдық мәселелер де ерекше ықпал етті. Міне, осындай аласапыран заман, аумалы-төкпелі кезең Ясауи ілімінің қалыптасуының алғы шарттарын жасады. Яғни оның ілімі осы жоғарыда аталған жайттардың негізінде тарихи алғышарттарын қалыптастырды.

Міне осындай кезеңде Ясауи ілімі негіздерінің бірі кәміл инсан – толық адам танымын ұсынды. Адамгершілікті имандылық негізінде ислами ұстанымдарды түркілік танымда, яғни мұсылманшылықтың түркілік түрін жасауды қолға алды. Бұл өз кезегінде Ислам дінінің түркі дүниесіне, оның ішінде қазақ даласына нық орнығуының басты көрсеткішінің бірі ретінде анықталды. Оның әсері тіл, мәдениет, өнер, дәстүр, т.т. аясында кеңінен орын алып, терең орнығып, өз аясын кеңейте түсті.

Осы кезеңде Ясауи сопылығының негізінде кемелді адам үлгісі, адамгершілік пен имандылық, өмірдің мәні руханишылық тұрғыда жасалатын ақтық есеппен танылуы т.с. сияқты ислами ұстанымдар қазақы дүниетанымына, діліне бейімделе, жақындай түсіп, мұсылманшылықтың қазақы түрі қалыптасқан деп айта аламыз. Ислам дінінің қазақ даласында бекем орнығуына Ясауи ілімінің, хикметтерінің әсері зор екенін жыраулар поэзиясының тезаурусынан байқауға болады. Өйткені олардың жырларында «дидар көру», «пір», «мурид», «сопы», «шүкір», «тәуба», «ғәріп», т.б. сопылық терминдердің өз мәнінде қолданысы жыраулардың тек ислам діні ғана емес, сондай-ақ сопылық ілім тұрғысында сауатты екенін айқындайды. Алайда сопылық терминологияны құрайтын сөздер тезаурусын тек жырау поэзиясындағы сопылық белгілер деп анықтап, бұл кезеңде Ясауи шығармашылығының жанама ықпалы болған деп пайымдаймыз.

Руханияттың шынайы бастауы дін екендігінде күмән жоқ. Алайда қазіргі діндер адамның рухын тәрбиелеумен айналысудың орнына, көп жағдайда руханияттан мүлде алыс мәселелермен айналысып кеткендей ой туғызады. Соңғы кезде қаптап кеткен әр түрлі секталарды былай қойғанда, дәстүрлі діндердің өзі, бір қоғамда өмір сүріп жатқан жекелеген адамдар мен бүтіндей ұлттарды бір-бірінен алшақтататын, тіпті қарсы қоятын, әсіре ұлтшылдық немесе әсіре конфессияшылдық сияқты және басқа да, көбіне, саяси бағыттағы мәселелермен айналысуды өздерінің басты міндетіне айналдырып алған сыңайлы.

Қазақстанның негізгі халқы ұстанатын ислам дінінің өз ішінде де шынайы руханияттан гөрі, жалған діншілдік, ұраншылдық, өзі ұстанатын дін ғана ең дұрыс деп санайтын төзімсіздік және басқа да жағымсыз сипаттағы құбылыстар байқалады. Мұндай «діншілдер» халқымыз ғасырлар бойы ұстанып келген, бірыңғай исламдық бағдар болып табылатын Әбу Ханифа тармағына жат қағидаларды жастардың санасына сіңіруге тырысуда. Кейде, сол, исламды уағыздап жүрген мұсылмансымақтардың әрекеті исламға, шынайы ислами қағидаларға, исламның қайнар бұлағы болып табылатын Құран мен Пайғамбар сүннетіне мүлде үйлеспейді десек артық айтпаймыз. Міне бүгінде осы айтылғандарды нақты дәйектеу үшін институт тұлғаның әлеуметтік өміріміздің жанды саласы тіл, дін мен діл, мәдениет пен өнер, қоғамдық ой мен дүниетанымдық мәселелер жөнінде оның қалдырған мұралар танымдық тұрғыдан толық зерделеп-зерттеуді мақсат етіп келеді.

Бұл ретте ол жайлы айтылған пікірлер, жасалған зерттеу жұмыстары, әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдағы зерттеулер басшылыққа алынады. Айталық, кезінде профессор Қ.Жұбанов өзінің Қожа Ахмет Ясауи туралы, оның «Диуани Хикмәт» еңбегі туралы ойын былайша қорытындылайды: «Қожа Ахмет Ясауи – көп оқыған адам. Ол араб, парсы тілдерін білген. Бірқатар әдебиет, аңыздарды да білетін тәрізді. Оның «Диуани Хикмәті» өз кезіндегі Ислам дінін тұтынушы жалпы түрік елдерінде ардақты кітап болған. Өйткені, «Диуани Хикмәт» жалғыз дін дәстүрлерін ғана емес, ақыл-нақыл және жағымды әлеуметтік хұлық мінездерді де үйреткен. «Диуани Хикмәт» деген кітап атының мәнісі де «Ақлият сөздердің жинағы» деген болады. … Тіл зерттеу үшін де, немесе, ол кездегі халқымыздың түрін зерттеу үшін де «Диуани Хикмәттен» бірқатар құнды деректер табылары даусыз». (Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы// Тайжанов А. Құдайберген Жұбановтың Қожа Ахмет Ясауиді тануы. – Алматы, 2017. – 258 бет. 79-бет).

Аталмыш шығарманы оқи отырып, проф. Қ.Жұбановтың жалпы дін тарихына жетіктігін, оның ішінде Ислам дінінде кездесетін айтулы тұлғалар тарихы туралы терең білетіндігі мен мұсылман қауымының бас кітабы Құраннан мол хабардарлығына, мұсылман әлемінің, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлеріне де жетіктігіне тәнті боласың. Мәселен, бұл еңбектен Араб Сейіттерінің ежелден қолданылып келе жатқан әдет-ғұрыптық салты бойынша, жай халықпен қыз алыспауы, үйленуші ұл мен қыздың нәсіп жөнінен тең болушылығы, кейінірек Әзірет әлі атына еліктеп, қазақ жерінде де туған балаларға Әли, Әлішер, Әлібек, Әлімқұл, Әлиасқар деп ат қою, балаға ат қоюдың жолын қожаларға беру, алғаш дін үйретушілердің де қожалар болғандығын білеміз. (Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы// Тайжанов А. Құдайберген Жұбановтың Қожа Ахмет Ясауиді тануы. – Алматы, 2017. – 258 бет. 82-бет)

Ахмет Ясауи өз дәуірінің дін және мәдениет тілі – араб және парсы тілдерін меңгерген. Соның негізі Исламды және Құран Кәрімді алғаш рет ана тілі болған түркі тілінде түсіндіріп, Ислам дінімен енді танысқан түркі халқының дінді дұрыс түсінуіне септігін тигізген.

Шынында да, Алтайдан Анадолыға дейінгі ұланғайыр иен далада қолданылған түркі тілі ғылым, сүйіспеншілік, даналық және білім тіліне айналды. Қожа Ахмет Ясауи Ислам қағидалары аясында халыққа өз дәстүрлерін сақтау, Алланы тану жолдарын көрсетті. Ол өз мәдени құндылықтарын ескере отырып, басқа Ислам түсініктерінен, соның ішінде араб дәстүрлерінен өзгеше Ислам түсінігін қалыптастырды. Сондықтан, Қожа Ахмет Ясауидың түркі әлеміндегі маңызы – түркі мәдениеті мен өркениетінің Исламның негізгі қағидаларына қайшы келмейтін ұстанымдарын сақтай келе, Ислам ережелері бойынша өмір сүру жолын көрсете білді.

Қожа Ахмет Ясауи түркі дәстүрінің Ислам ережелеріне қарсы емес екенін, олардың өзара ұштасып келетінін нақты көрсете алды. Сол себепті Ясауи ілімінің негізі Ислам діні мен түркі дәстүрлері, наным-сенімдері мен өмір салтының ұштасуы нәтижесінде қалыптасқандығын көруге болады. Бұл тұрғыда, оның өмірі, шығармашылығы және көзқарастарын халыққа жаңа қырынан ұғындыру қажеттігі туындайды. Мұндай мазмұндағы зерттеу бастамалары өте маңызды. 2017 жылы «Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасы» деген атпен үлкен еңбек жарияланды. (Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы. – Алматы, 2017. – 258 бет).

Қожа Ахмет Ясауи мұрасының маңызын айта келе біз келешек ұрпаққа жеткізу жолдарын және сол арқылы оның қазақ руханиятындағы орнын ашып көрсетуді қолға алуымыз керек. Оның да бастысы тұлғатану мәселесіне ерекше назар аударылуы қажет. Ал ол Қожа Ахмет Ясауидың өмірін, шығармашылығын, танымын, идеяларын, т.б. қоғамға кеңінен түсіндіру және осы салада зерттеулер жүргізуді алға тартады.

Мұнда тілдік талдаулар қажеттігі көрінеді. Онда: пір, сұлтан, тәуіп, зікір, саятшылық өнерге тиесілі дүниелерін паш ету көзделген.

Пір

Жасым жетті жиырмаға өттім мақам,

«Бихамдилләһ» пір қызметін қылдым тамам,

Дүниедегі құрт-құстар қылды сәлем,

(С)ол себептен Хаққа жақын болдым мен (де).

Сұлтан

Сұлтан Қожа Ахмет Иасауи,

Айтты бұ(л) хикметті тамам,

Есітсін деп барша жаһан,

дүниені салып кетермін.

Зікір

Зікірін тамам қылып өттім д(и)уанаға,

Хақтан өзге еш сөз айтпай бөгдеге,

Шамын іздеп шәкірт кірдім пәруанаға

Ұшқын болып, күйіп-жанып, ұштым мен (де).

Сүннәт екен, кәпір болса (да) берме азар,

Көңілі қатты діл азардан Құдай безер,

Алла хақы ондай құлға Сижжин таяр,

Даналардан есітіп бұ сөз(ді) айттым мен (де).

Ей, достар, құлақ салың(дар) айтарыма,

Не себептен алпыс үште кірдім жерге?!

Миғраж үсті Хақ Мұстафа рухым көрді,

(С)ол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Хақ Мұстафа Жебірейілден қылды сауал,

Бұ қандай рух тәнге кірмей тапты кемел,

Көзі жасты, халыққа басты(қ), бойы һиләл,

(С)ол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Саятшылық

Қаршығаны құстаған,

сұңқар, лашын ұстаған,

Сансыз мүрит бастаған,

шайқым Ахмет Иасауи.

Негізгі деректер санатына Ахмет Ясауидің өзінің еңбектері мен оның ізбасарлары тарапынан сол кезеңде қолға алынған тарихы жәдігерлер болып табылады. Аталмыш Ахмет Ясауи және (Ясауилік) ілімі жайлы тың деректер осы еңбектерден табылатындығы дау тудырмайды. Бұл еңбектер әдетте сол кезеңнің парсы немесе шағатай тілімен жазылған жұмыстар екені анық. Дегенмен бұл еңбектердің кейбір бөлігі жарияланып жатса, ал кейбір бөлігі кітапханаларда қолжазба ретінде сақталып келеді. Әлі қолжазба түрінде сақталған еңбектер түрлі елдердің кітапханаларында жүйесіз түрде болғандықтан олардың көшірмелеріне қол жеткізу біршама қиындық туғызып келеді [1]. Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы. – Алматы, 2017. – 258 бет. Профессор доктор (phd) Неждет Тосун.

Ясауи мұрасы:

Диуани хикмет: Ахмет Ясауидің түрікше өлеңдерін қамтитын алғашқы жинағының атауы болып табылады. Жинақтағы өлеңдерінің негізгі тақырыбы Алла және пайғамбарға деген махаббаты, тамаша ахлақ, ғибадат етудің маңыздылығы және рухани өзектілігі, дүниенің пәнилігі, жалған және қара ниетті діндарларға бағытталған сыни тиеу мен зікір басым. Диуани хикмет, араб кириллица мен латын әріптерінде бірнеше рет жарияланды.

Пақырнама: Ахмет Ясауидің түрік тілінде қалам тартқан проза түріндегі шығармасы. Факр/пақыр – дәруіштік ұғымы аясында қолданылып, аскетизм ретінде сомдалып, шығарма тұрғысынан алып қарағанда оның шарттары – тура жолы, мәртебелері/ мақамы жалпылай алғанда тарау-тарау етіп түсіндірілген. Мысалы, факрдың сегіз мәртебесінің/мақалының рет-реті былай тізбектеліп көрсетілген. Әуелі тәуба, ғибадат, махаббат, сабыр, шүкір, ырза, зүхд, ариф. Қазіргі таңда шығарманың бірнеше қолжазбасы бар. Сондай-ақ «Пақырнама» 1977 жылы көрнекті ғалым Кемал Ераслан тарапынан мақала болып жарияланған, кейіннен 2016 жылы бұл шығарма кітап етіп басылып шыққан.

Рисала дер Адабы Тариқат: Жазба нұсқалары Ташкентте сақталған және парсы тілінде жазылған шағын еңбек болып табылады. Еңбекте тариқаттың әдебі мен әдет-ғұрыптары және мақамдары/мәртебесі, мүрит пен мүршиттің арасындағы қарым-қатынастар, дәруіштік, Алланы тану және Аллаға деген махаббат туралы тақырыптарды қамтыған. Бұл еңбекті қазақ тіліне Сайфулла Моллақанағатұлы аударған. Ал біз өз кезегімізде Түрік тіліне аударып жарияладық. (Ясауидің Пақырнамасы және екі парсы тіліндегі рисаласы, Aнкара, Ахмет Ясауи Университеті баспасы 2016ж.)

4. Рисала дер макаматы Ербағин. Бұл Ахмет Ясауи тарапынан парсы тілінде қалам тартқан шағын шығармасы болып саналады. Шығармада шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқатқа тиесілі әрқайсысы он-оннан жалпы қырық мақам мен оның қағидалары берілген.

Рисала дер макаматы Ербағин Бұл Ахмет Ясауи тарапынан парсы тілінде қалам тартқан шағын шығармасы болып саналады. Шығармада шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқатқа тиесілі әрқайсысы он-оннан жалпы қырық мақам мен оның қағидалары берілген. Шығарманы түрік тіліне аудармасын жасап жарияладық. Ахмет Ясауи және Ясауилік ілімі жайлы мағлұмат беретін кейбір дереккөздер

Миратуль Кулуб

Сопы Мухаммед Данишменд, Миратуль Кулуб: Ахмет Ясауидің ізбасар мүриті Сопы Мухаммед Данишмендтің шағатай тілінде жазған шығармасы болып табылады. Шығарма шариғат, тариқат және ақиқат түрінде үш тараудан тұрады. Әсіресе сопылық және ахлақ тақырыптарымен қатар Ахмет Ясауидің сөздері де қамтылған ең көне шығарма. Бірнеше қолжазба нұсқалы шығарма латын әріптеріне транскрипциясы жасалынып, 1997 жылы мақала етіп жарияланды.

Хаким Ата (Сүлеймен Бақырған), Бақырған кітабы. Ахмет Ясауидің мүриттерінің бірі Хаким Атаның кейбір жырларын қамтитын түрік тіліндегі еңбегі. Еңбекте өзге де ақындарға тән жырларды кездестіруге болады. Оның бұл шығармасынан басқа түрік тілінде жазылған жыр туындылары да бар. Бақырған Кітабында діни үкімдер, Аллаға және пайғамбарға деген махаббат, сопылық-ахлақ тақырыптары, дәруіштіктің ізгілігі, дүниенің пәнилігі, қиямет ахуалы, пайғамбарымыздың миғражы, Ибрахим және Исмаил пайғамбардың қыссалары секілді тақырыптарда жырлары қамтылған. 3. Хусамеддин Хүсейн Али Сығнақи, Рисала Хусамеддин Сығнақи (Менакыбы Ахмет Ясауи – Ясауи туралы аңыз-әңгімелер)

Хусамеддин Сығнакидің (өлген ж. 711/1311-1312) Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыз-әңгімелер жазылған ең көне шығарма деп айтылатын парсы тілінде жазылған трактаты болып табылады. Қолжазбаның Ташкенттегі нұсқасы парсы тіліндегі мәтіні және Түрік тіліне аудармасы жасалынып, мақала етіп жарияланған болатын.

4.Қожа Исхақ бин Исмаил Ата, Хадикатуль Арифин XIV ғасырда Орта Азияда өмір сүрген және Ясауи тариқатының шайхы болған Қожа Исхақтың шағатайша жазған еңбегі. Қазіргі таңда жаряланбаған шығарманың қолжазба нұсқаларына қол жеткізіп отырмыз. Шығарма бір баяндама түрінде танытылған болатын. Еңбек 15 негізгі бөлімдерден және кейбір тақырыпшалардан тұрады. Олар: 1. Рұхтар 2. Aмалдар 3. шайх 4. Мүриттің әдебі 5. зікір 6. Сема (есту), 7. қызмет 8. факр 9. тасаввуф 10. махаббат 11.мағфират 12. Ғибадат 13. Қжетсіз амалдардан бас тарту 14. Maқам 15. Мереке кешін танып білу. 5.Али Шер Науаи, Несаимуль МахаббеAli

Мұхаммед Шериф Бұхари, Хужеттуз закирин лиреддил мүнкирин XVII ғасырда Бұхарада өмір сүрген Мұхаммед Шериф Бұхаридің (ө. 1109 /1697) парсы тілінде жазған еңбегі. Туынды әлі де жарияланбаған. Хужеттуз закирин 1 кіріспе, 3 мақалат(тарау) және 1 хатимадан тұрады. Шығарманың бірінші және екінші бөлімінде зікри жәхрдің рұхсат етілген екендігін сипаттайтын аят, хадистердің және ғұламалардың пікірлері қамтылған. Ал, үшінші бөлім мақалатта Ахмет Ясауи бастап Ясауи силсиласындағы кейбір шайхтардың өмірбаяны мен аңыз-әңгімелері қамтылған. Қорытынды яғни соңғы бөлімде тасаввуфтық әдеп пен қалам тартқан шығармасын 1680 жылы аяқтаған. Туынды Нақшбандия, Кубревия Ашқия және Ясауия шайхтары жайлы сөз қозғайды. Қолжазбаның негізгісі Ташкент қаласында орналасқан.

Шайх Шейх Худайдад бин Таш Мухаммед Бұхари, Бустанил Мухиббин XVIII ғасырда Бұхарада өмір сүрген Йасауи шайхы, Худайдадтың түрік тілінде жазған еңбегі. Еңбек 20 баптан және бірнеше фасыл/тақырыпшалардан тұрады. Қазіргі таңда шығарманың тек екі нұсқасы Ташкент қаласында Б. Бабажанов пен М. Қадырова тарапынан араб әріптерімен компьютерде теріліп жарияланған болатын. (Tүркістан, 2006).

Қожа Исхақ бин Исмаил Ата, Хадикатуль Арифин XIV ғасырда Орта Азияда өмір сүрген және Ясауи тариқатының шайхы болған Қожа Исхақтың шағатайша жазған еңбегі. Қазіргі таңда жаряланбаған шығарманың қолжазба нұсқаларына қол жеткізіп отырмыз. Шығарма бір баяндама түрінде танытылған болатын. Еңбек 15 негізгі бөлімдерден және кейбір тақырыпшалардан тұрады. Олар: 1. Рұхтар 2. Aмалдар 3. шайх 4. Мүриттің әдебі 5. зікір 6. Сема (есту), 7. қызмет 8. факр 9. тасаввуф 10. махаббат 11.мағфират 12. Ғибадат 13. Қажетсіз амалдардан бас тарту 14. Maқам 15. Мереке кешін танып білу.

Aхмет бин Махмуд Хазинидің шығармалары XVI ғасырда Тәжікістанда туылған Aхмет бин Махмуд Хазини (ө. 1002/ 1593-4’тен кейін) Османлы дәуірінде Анадолы жеріне де келген екен. Түрікше және парсыша қалам тартқан шығармалары Ясауи мәдениеті жайында мағлұмат береді. Хазинидің шығармаларының кейбірі мыналар: Жауахирул әбрар мин әмуажил бихар Алғашқы жартысы түрікше, екінші жартысы парсы тілінде жазылған еңбектің жалғыз қолжазба нұсқасы Стамбулда сақталған. Eңбекте басты тақырыбы Ахмет Ясауи және Мансур Ата жайлы аңыз-әңгімелермен қатар кейбір Ясауи шайхтарының сөздері мен Ясауи ілімінің негіздері, әдебі түсіндірілген. Бұл шығарма Түркияда жарық көрген

Нұрлан МАНСҰРОВ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Ясауитану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к., доцент.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *