Түркістан облысы, Түркістан қаласы А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінде химия-биология пәндері бойынша қалалық семинар болып өтті. Семинар барысында «Химия-биология пәндері бойынша иновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың цифрлық-функционалдық сауаттылығын,шығармашылық қабілеттілігін арттыру жолдары» тақырыбы талқыланды.
Семинарға А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінің директоры Д.Құдайбергенов, химия-биология пәндері бірлестігінің әдіскері Жадыра Нұрланқызы және химия-биология пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар барысында ашық сабақ, коучинг сабақтар өтілді. Күнтізбелік тақырыпқа байланысты 4 сабақ, сыныптан тыс 2 сабақ өтілді. Сабақ барысында көптеген жаңа технологиялар пайдаланылды. Барлық мұғалімдер сабақтарға қатысып мұғалімдерге керемет деген баға берді. Семинар жоғары денгейде өтті.
«akparatinfo.kz» — ақпарат»