Бастауыш сыныпта оқытудың заманауи әдістері мен құралдары өте маңызды. Олардың көмегімен біз қызығушылықты оятып, қажетті білім дағдыларын меңгеруге көмектесеміз. Оқыту процесінде әртүрлі құралдарды пайдаланған кезде оқыту әдістерін өзгертуге болады.
Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыға пәнді қызықты етіп, сөз құдіретінің астарында шынайылық пен жанды құбылыстарын көруге мүмкіндік беретінін түсіндіру қажет. «Заманауи білім беру мультимедиялық технологияларын пайдалану мектептерде қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдарын қолдануды талап етеді. Пән мұғалімдерінің әдістемелік шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Жаңа электрондық педагогикалық құралдардың пайда болуы; электронды оқу бағдарламалары, тесттер мен жаттығуларды шешуге мүмкіндік берді.
Зерделенген тақырыпты меңгеру және жүйелеу мұғалімге тікелей қатысты. Бастауыш сыныптарда табиғи, суреттік, көлемді, дыбыстық және графикалық бейнелеу қолданылады. Көрнекі әдістерді шартты түрде үш үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация әдісі, демонстрация әдісі және бейне әдісі.
Иллюстрация әдісі арқылы тақтадағы плакаттар, кестелер, картиналар, карталар, фотосуреттер, сызбалар, эскиздер арқылы объектілерді, процестерді және құбылыстарды олардың символдық бейнесінде көрсетуге болады. Көрнекілік пен иллюстрация әдістері бір-бірін нығайта отырып, тығыз байланыста қолданылады. Экран технологиясы қазіргі бастауыш мектепте кеңінен қолданылады. Бұл технологияның тиімділігі оқушының тақырыпты жоғары деңгейде түсінуіне мүмкіндік береді.
Демонстрациялық әдіс аспаптарды, тәжірибелерді көрсетумен, фильмдер, деректі фильмдер және бейнероликтермен тақырыпты түсіндірудің көмегі зор. Бұл әдіс ең алдымен зерттелетін құбылыстардың динамикасын ашуға қызмет етеді. Ол заттардың сыртқы түрімен, ішкі құрылысымен танысу үшін де кеңінен қолданылады. «Табиғи объектілерді көрсету кезінде әдетте сыртқы түрінен (көлемі, пішіні, түсі және олардың бөліктері) содан кейін ішкі құрылымға немесе арнайы бөлектелген және баса көрсетілген жеке қасиеттеріне тоқталуға мүмкіндік береді». Мәселен, қандай да бір затты алатын болсақ, біз бұл оқыту технологиясы арқылы ол заттың түрін, түсін, сапасын анықтап түсіндіре аламыз. Одан кейінгі жаңа технологиялық оқытудың тағы бір әдісі – бейне әдісі. Соңғы жылдары мектеп тәжірибесінде экрандық ақпараттың жаңа көздері (кодоскоптар, проекторлар, оқу теледидары, бейне ойнатқыштар, ақпаратты дисплейде көрсететін компьютерлер) жиі қолданылып жатқанын ескере отырып, бұл әдіс тек білім беруге ғана емес, олардың меңгеруін, бекітуін, қайталауын, жалпылауын, жүйелеуін бақылауға қызмет етеді. Яғни, оның көмегімен оқытудың барлық функциялары ойдағыдай орындалады. Әсіресе балаларға арналған бейне энциклопедиялар, әртүрлі оқу бейне материалдарын жасай отырып, оларды қалыпты және тәжірибелі жетекшілікпен қолдану оқу үдерісінің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Жаңа технологиялық оқытудың практикалық әдістеріне жазбаша және ауызша жаттығулар, зертханалық жұмыстар жатады. Жаттығулар – бұл оқыту әдісінің негізі жаңа ақпарат пен бұрыннан бар білім арасында физиологиялық байланысты орнату болып саналады. Жаттығулардың әрбір оқу пәнінде өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға қойылатын жалпы талаптардың кейбірін атаймыз. Біріншіден, бұл олардың орындалуына қандай оқу материалы үшін берілгенін білуі және түсінуі керек; бұл жаттығудың мақсаты қандай (есте сақтау үшін немесе жаңа материалдың мәнін түсіну үшін); жаттығуды қалай орындау керегі үлгісімен көрсетіледі. «Оқушылар үшін шығармашылық сипаттағы жаттығулар болуы мүмкін, бұл кезде оқушылар берілген жаттығуды аяқтау жолдарын табуы керек. Тәжірибелі мұғалімдер үй тапсырмасына түсініктеме беру деп аталатын нәрсеге үлкен мән беруі кездейсоқ емес. Біз мұны ешқашан қалт жібермеуге тиіспіз». Оқушылар жаттығуларды орындаған кезде дидактикалық жүйелілікті сақтау қажет. Оқу материалын есте сақтауға бағытталған білімнің берік игерілуін қамтамасыз ететін жаттығулар ұсынылуы керек. Сапалы, мәнді, оқушыға түсінікті жаттығулар оларды дамытады, білімін жетілдіреді. Одан кейін меңгерілген материалды қайталауды көздейтін білім мен дағдының сапасын тексеруге арналған жаттығулар беріледі. Одан әрі – тәжірибелік іс-әрекетте білімді қолдану дағдыларын дамыту жаттығулары және бар білімді өз бетінше қолдануды талап ететін шығармашылық сипаттағы жаттығуларды көбейтуге болады.
Заманауи техникалық оқыту құралдары мұғалімге көрнекі және практикалық әдістерді жетілдіруге көмектеседі. Олар бастауыш сынып оқушыларын материалды жақсы меңгеруіне және оқу процесіне шынайы қызығушылықтарын оятуға бағыттайды. Мысалы, әңгіме тақырыбына арналған бейнефильмнің үзіндісі мұғалімнің әңгімесіне қосылса, мұғалім мен оқушылардың оқу процесіне қатысуы анағұрлым белсенді болады. Егер әдіс оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеру үшін қолданылса, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану бастауыш сынып оқушыларының оқу пәнінің белгілі бір тақырыптары мен мәселелерін терең меңгеруіне көмектеседі.
Бүгінгі таңда тұлғаны білуге, ізденімпаздыққа баулу, танымдық іс-әрекет барысында басқалармен ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету – білім беру жүйесінің басты міндеті. Оқытудың жаңа тәсілі әртүрлі ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізуге, білім беру желілері мен қауымдастықтарды ұйымдастыруға мүмкіндіктер жасаудан тұрады. Сондықтан заманауи оқыту құралдары дәстүрлі және инновациялық технологияларды қамтуы керек..
Педагог мамандығын сүйетін шығармашыл тұлғалар жұмыс істейтін оқу орындарында заманауи оқу құралдарын белсенді пайдалану оқу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені мультимедиялық технологияларды сауатты және жүйелі пайдалану білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Білім – жеке тұлғаның әлеуметтік дамуының негізгі құралы ретінде қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне байланысты өзгерістерге ұшырауы керек. Сондықтан білім берудегі инновация мәселесі өзекті болып қала береді. Жаңа технологиялық әдістердің бірі интерактивті оқыту технологиясының айрықша ерекшелігі – оқушының оқу процесіне қатысуын ұйымдастыруы. Бұл технология барлық оқушыларды тақырыпты талқылауға, тапсырмаларды орындауға, өзіндік жұмыс нәтижелерін көрсетуге бағытталған. Олардың қатысуын қызықтыру, ынталандыру, нәтижеге жетуге бағытталған. Бұл оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы шешіледі. Сабақты жұптасып немесе шағын топтар құрап орындауға болады.
Интерактивті әдісті белсенді әдістердің ең заманауи түрі ретінде қарастыруға болады.
Интерактивті әдістерді қолдану өзекті болып табылады, олар:
– пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал ету;
– оқу процесін жеделдету;
– материалды игеру сапасын арттыру;
– мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайтады;
Бұл тұрғыда оқытудың интерактивті түрлері оқушыға бағытталған әдіске барынша сәйкес келеді, өйткені олар бірлескен оқытуды (ұжымдық, бірлескен оқу) қажет етеді.
Жаңа технологиялық әдістердің тиімділігі күннен күнге білім саласында өзіндік маңызға ие екенін дәлелдеп келеді. Оқу үрдісі және білім берудегі жаңалықтар үздіксіз даму үстінде. Егер мұғалімдер жаңа технологиялық әдістерді әр сабақта ситуацияға байланысты оқушыларды ұйымдастыра білсе, көзқарасы қалыптасқан, білімге деген ынтасы зор оқушыларды даярлайды. Жаңа технологияның тиімділігі әр білім саласы үшін маңызды. Оқушылар сыни ойлауға, өз бетінше тапсырмалар мен жаттығуларды орындауға, болып жатқан жағдаяттарға баға беруге, құбылыстар мен заттарды толық түсінуіне мүмкіндік береді.
Шұғыла ЖАҚЫП