Белгілі бір тарихи кезеңдерді басынан кешіріп, белгілі бір мәдени-тарихи шарттардың ықпал-әсерінен пайда болған тілдің әдеби түрі –ұлт пен қоғамның рухани дамуының айнасы, қоғамдық сана деңгейінің көрсеткіші және уақыттың куәгері, мезгілдің, дәуірдің тілдегі көрінісі.Ал бүгінгі жаһандану дәуірінде әр ұлттың өз тілі мен мәдениетін қорғау мен сақтаудың, ерекше белгілерін өзгелермен аралас-құраластықта жоғалтып алмаудың маңызы артып отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Өркениеттің, білім мен ғылымның, адамдардың көзқарасы өзгеруіне қарай адамзат жетістігімен ұлттардың өзін-өзі танып-білуі, ғалымдардың түйіндеуінше, ең бір шешуші кезеңге жеткен. Мұның өзі ұлттың өзіндік бітім-болмысын жоғалтып алмаудыаса бір ширыққан мәселеге айналдырып, адамзатты толғандырып отыр. Сондықтан тіл мен мәдениетті сақтау, қолда барды жоғалтып алмай, жоғалғанды қалпына келтіру мүмкіндігінен айырылып қалмауға деген мүдделіліккөптеген ұлттардың басындағы жағдай. Латыннегізді жаңа қазақ жазуына көшу кезінде тілдегі әрбір сөзге жәдігер ретінде қарауғаұлттық сананың бағытталуын осындай себептер тудырып отыр.
Кез келген әлеуметтік ортада сол ортаның ауызша айтуы, сөйлеуі мен жазуында басшылыққа алатын екі норма болады. Ол – орфографиялық және орфоэпиялық нормалар. Норма – қарама-қайшылықтары көп жалпытілдік категория және нормада кезеңдік сипат басым болады. «Орфография мен орфоэпияның бір-біріне ұқсас жақтары бар: екеуі де практикалық-қолданбалы сала, ережелерге сүйенеді, жалпыға ортақ болады, міндетті болады. Сөздерді дұрыс дыбыстау нормаларын біз жасамаймыз, ол қазақ тілін қолданушылардың ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, жалғасып отыратын ежелгі тәртібі, тілдің табиғи құбылысы» [1,194-б.]. Сол орфоэпия айтылымға, сөз сазына сүйенеді. Бірақ айтылым нормасын біз жасамаймыз дегенмен, айтылымда жеке адамға немесе аймаққа емес, ұлтқа тән бірізділік, жалпыхалықтық сипат үнемі бола ма, сақтала ма? Өйткені әрбір пікір білдіруші, сөйлеушінің жай-жылдам сөйлеуі, тілінің кемістігі, мүкісі болуы-болмауы, белгілі бір аймақта ғұмыр кешуі оның сөйлеу кезінде сөзінің сазына әсер ететінісөзсіз, бірақ нақ осы ерекшеліктер жалпыхалықтық айтылым нормасына әсер ете қоймайды. Өйткені жалпы халық бір кісінің, тіпті бір аймақта тұратын адамдардың айтылымын басшылыққа ала алмайды. Сондықтан тек ғалымдар тарапынан айтылым түрлері жинақталып, нормаға келтіріліп, сөздік түзіледі. Сондықтан ғылыми әдебиеттердегі орфоэпияның түсінігі «сөздердің дыбысталуының барлық варианттарын жинастырып, жүйелеп, дәстүрге сай және тілдің даму тенденциясына мен жүйедегі ретіне қарай бір вариантын таңдайтын тіл білімінің жеке саласы. Яки айтылым нормасына сай сөздердің дыбысталуы, айтылым нормаларының жиынтығы» түрінде қалыптасқан [2,295-б.]. Бұл лингвистикалық терминдер сөздіктеріндеберіліп жүрген анықтамалардың түйіні.Яғни айтылым жалпыхалықтық деп айтылғанмен, ғылыми негізге сүйенеді, ғылыми негізді тіл саласының мамандары қалыптастырады. Бірақ анау былай айтады, мынау басқаша айтады екен, ана бір аймақта басқаша дыбысталады деген пікірлер негіз бола алмайды. Жеке адам тілі (сөйлеуі де, аймақтық ерекшелік те) жалпыхалықтық сипатты бере алмайды. Ал айтылым:а) сөздің дыбысталуы тек түбір емес, сөз тіркесін, дара ғана емес, күрделі сөздерді де қамтиды;ә) ықпалдастық түрлерінің айтылымдағы рөлінназарға алмау, біржақты қарау дұрыс нәтиже бермейді; б) орфоэпияны, яғни айтылымдыжазуда (орфографияда) негізге алу дегендіекі универсалий түсінікті бір ұғымға айналдыру, екі саланы біріктіру деп те түсінуге болады. Бұл дұрыс па, оның нәтижесі қандай болмақ? Өйткені айтылым немесе сөз сазы жеке бір дыбыс, яки бір буынға ғана қатысты мәселе емес.Айтылым проблемасы мен жазба тілдің арақатынасы күрделі проблема. Сөздердің айтылуының, яғни сөз сазының қырлары көп. Соның бірі күрделі сөздердің айтылымына қатысты.
Күрделі сөздер әу бастағы еркін тіркестер, сөз тіркестерінің түрлі мағыналық эволюцияға ұшырап, бір ұғым атауына айналуымен байланысты қалыптасқан сөз түрі. Ал сөз тіркесінің дұрыс айтылуы сөз сазына, яғнитіркес жігіндегі дыбыстардың ықпалға ұшырап дыбысталуына байланысты.
Сөз жалаң болмас үшін әрі айтылымды жазба тілге сол күйінде көшіріп, оны жазудың нормасы, яғни әдеби тіл нормасы ретінде алуғаболатын-болмайтынына көз жеткізу үшін мысалдарды сөйлетуге болады: «Бір рет Монтайтастың көк аптобұсымен Шымгетке барды»; …Ояқта сібірде Диәкініп деген иакүт екеуі бірге шошқа бақты»; «Сыртының суреті әдемі еді жідә»; сонымен бірге дессеремал, кәйтіп, әш-пүш, барсай, әтәңәнәлеті, түргетіп қою, еш помаса,әшейін, пәруәйі пәлек болу, құсайды т.б. (Жұлдыз, №9,2019).Осылай жазар болғанда,түрегелтіп қою – түргетіп қою, еш помаса – еш болмаса,құсайды – ұқсайды, дессеремал – дәсорамалне екенін халыққа түсіндіру қажеттілігі туындайды. Өйткені елдің барлық өңірі мысалға келтірілген сөздерді осы күйінде айтпайды. Бұл мысалдардың алғашқы екеуі – тіркес түрінде болса, бірі қосымшалы (ұқса-й-ды) етістік, соңғы мысал – күрделі сөз.Сөйлеу кезінде бір сөзді әркім әртүрлі айтатынын осы аз ғана мысалдардан байқау қиын емес. Келтірілген мысалдағы еш помасаны енді бір адам ешбомаса демесіне, түргетіп қоюды – түрагелтіп қою деп айтпасына кім кепіл? Күрделі сөздерді айтылым нормасымен жазу біраз жайттарды тудыратынын келтірілген мысалдар байқатып тұр. Яғни айтылым мен жазылымды бір арнаға сыйдыру осы сынды жайларды күрт көбейтеді.Ал екі ұғымды біріктірулингвистикалық әмбебап катеогриялардан бас тарту дегенге саяды, олардың аяқасты, жайдан-жай пайда болмағаны белгілі.Бұл ұғымдарды тілдің заңдылықтары тудырған.
Тілдегі классикалық синтаксистік құрылымдар немесе таза жазба формалар ресми-іскери тілде және, біздің байқауымызша, ғылым тілінде барынша сақталады, оның өзінде де кейде ғылыми тілде синтагма құрамының бұзылуы үдерісі байқалады.Бұл үдеріс жазба тілдің ауызекі тіл ықпалына ұшырауынан да пайда болады.Өйткені, ауызекі тіл аса күрделі құрылыммен сөйлеуді қажет етпейді. Жазба тілде байқалмайтын ұзақ құрылымды синтагмалардың логикалық-мағыналық байланыстарын сөйлеу барысында кідірістердің, интонацияның, қарқын мен әуездің т.б. амалдардың көмегімен жеткізу мүмкіндігі зор, ал жазба тілде бұл амалдардың бәрі де таңбалана бермейді. Дегенмен жазба тіл мен ауызекі тілдің әсерлесуінің екі жағы бар: біріншісі – жазба тілдің ауызша тілге жақындай түсуі; екіншісі – синтаксистік байланыстардың біртіндеп үзілуі, сөйтіп, синтаксистің нысаны болған қолданыстардың біртіндеп лексиканың зерттеу нысанына айналуы. Мысалы, ауыржүктасығыш (көлік) атауының құрамындағы ауыр сөзінің қызметінің ауысуы осы үдерісті байқатады. Ауыр сөйлем ішінде анықтауыш еді, енді атау құрамына еніп, сөйлем ішінде бастауыш болып кетіп отыр. Яғни сөздіктерде жаңа реестрлік сөздің пайда болуы синтетизм арқылы жүзеге асқан. Ал морфологиялық тұрғыдан сөздердің біріктірілуі нәтижесінде ауыр сын есімі күрделі зат есімді құраушы компоненттің біріне айналып кеткен. Міне, осы сынды жаңа сөздердің пайда болуы ауызекі тілдің және жазудың әсерлесуінентуындаған деуге де болады.Осы үдеріс тек сөз тудыруға ғана емес, жаңа сөздер арқылы тілдің грамматикасына, лексикасына да ықпалыболатынын байқатады. Мысал факт ретінде сөздіктен алынып отыр.Бар фактімен сөйлеу зерттеушінің міндеті. Осыған дейінгі ғылыми әдебиеттерде көбінесе жазудың ауызша тілге ықпалы заманауи үдеріс ретінде көп қарастырылды, шын мәнісінде, әсерлесу екіжақты және оны замантудырып отырады.
Сөздердің бірігуі – тарихи құбылыс. Сөз таптары дасөздердің бірігуі арқылыжасалады әрі тиімді тәсіл саналады. Қазіргі кезде терминдер де бірігу арқылы жиі жасалады. Біріккен сөздерде, сөз деп аталғанмен, дара сөздерге лайықты айтылым заңдылықтарының бәрі бірдейсақтала бермейді. Айталық, сөзді біріктіру кезінде алдымен көп ретте а) үндестік заңының бұзылуы, ә) екі дауысты дыбыс қатар келмейтіндігі жөніндегі ұстанымның жойылуы, б) дауысты дыбыстардың үн өзгерістерімен айтылуының ескеріле бермеуі, в) кейбір дыбыстардың анық емес күңгірт естілуі, г) кейде дыбыстардыңмүлде естілмей қалуы және т.б. байқалады. Бұл айтылым заңдылықтары, белгілері, бірақ жазба тілдің заңдылықтары емес. Осы айтылым ұстанымдарыныңжазуда күрделі сөздерге қатысты жүйелі болмауысөз түбірінің өзгеріссіз жазылуына, түбірдің сақталуына әсер етеді. Айтылымның жазуға әсерін ескермей жазудың осындай тиімділігі бар және, біздің пікірімізше, бұл дұрыс. Әрине, нақ осындай жайлардың көптігі жазу теориясына, айтылымға, фонетикалық заңдылықтарға қайшы да болар. Бірақ айтылымға бағынбау яки айтылым заңының бұзылуының өзі, осындай тұстарда, жөн. Себебі, сөз түбірі жоғалмайды. Мысалы: әңгімеқұмар –әңгімеғұмар, әнқұмар – әнғұмар, әсіреқызыл – әсіреғызыл, ауқайық – ауғайық, ауызкергіш – ауызгергіш(мал емдеу құралы) болып, жазуда айтылымға сәйкестендірілсе, түбірдің жоғалуының алғышарты емес, нағыз сөздің жоғалуының белгісі болар еді, өйткені күрделі сөздің айтылымына бағынған ғайық, ғызыл, гергіш, ғұмар т.б. осы үлгідегі жүздеген сөздер түбір сипатынан айрылған,түбір емес, мұндай сөздер тілде жоқ. Сондықтан орфографиялық сөздікте осындай күрделі сөздердің жазылуы дыбысталудың емес, морфологиялық принцип ыңғайымен кетуі құптарлық. Ондай мысалдардың біріне дау болып жүрген алмағаш түрінде жазылып кеткен алма ағашын келтірсе, артық болмас. Осы үлгімен шиағаш деп жазар болғанда, шие сөзінің жоғалуы ықтимал. Сондықтан түбірдің сақталуын олжа санау керек. Өйткені, айтылу барысында е-нің анық естілмеуіне орай түбірдің бір дыбысын жазбай кетіп, ақырында түбірді жоғалту дұрыс болмайды. Орфоэпияға бағынып жазу дегеннің осындай тіл заңдылығына қайшықырлары бар. Әрине, сөйлеуде үнемділік басым түседі, ол заңды. Бірақ мысалдардағыдай үнемдеу тіл үшін қаншалықты тиімді? Жазудағы үнемдеудің өзі – уақытпен, дамумен, санада сартап болып сарғаюмен келетін құбылыс.
Қазақ сөзінің түбірінің жойылуы – кірігудің нәтижесі, кірігудің сөз мағынасының көмескіленуі, мағынаның біртіндеп жойылуы – мағыналық екпіннің солғындап, сөзге түспеуінен болатыны тіл эволюциясының жемісі, тарихи үдеріс. Сондай-ақ қазақ тілі үшін морфологиялық принцип жазудағы негізгі принциптердің бірі ретінде жазу тарихында орын алып келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Бұл принцип қазіргі таңда фонетист ғалымдар тарапынан жаңа емле ережелерін түзуде фонематикалық принцип құрамында қарастырылып отыр және жаңадан түзіліп жатқан орфографиялық сөздікте ескерілуде.
Емле ережелерін түзуде де, сөздік түзуде де, әліпби түзуде де бір ыңғай, бір құрылымға бағыну мүмкіндігі бола бермейді. Бір сөзде морфологиялық принцип басшылыққа алынса, кейде айтылымға бағынып, айтылымның басымдық алып кететіні де байқалады. Мысалы: алагеуім (алагеуім дала), алагеуімдену(айналаның алагеуімденуі), алагөбе (алагөбе бұлттар, алагөбеде тұру, алагөбеде ояну), алагүлік (алагүлік ауруы, алагүлікке шалдығу) және т.б. Осы сөздердің алакеуім, алакөбе, алакеуімдену сияқты үлгісі де бар (мысалдарорфографиялық сөздіктіңсоңғы басылымынан алынды және екі дауысты дыбыстың арасындағы қатаңның жұмсаруы (г) ғана ескерілді).Осы модель жалғыз-жарым емес, көптеген сөздерге тән. Осыған дейін дұрыс айтылым басшылыққа мүлде алынбады,сыңаржақтық орын алды, жазу арқылы тіл бұзылуда деген пікірлер толығымен дұрыс деуге болмас. Айтылымның әсері ескеріліп жазу уақыт ағымымен орындала береді. Бірақ жазба тілді жаппай айтылымның әсерінебағындыру дұрыс болмайды. Ол орфоэпиядан бас тартумен бірдей.
Алуниверсал ұғым орфоэпиядан бас тарту жөн бе?Қалай айтылса, солай жазуды орфоэпиядан бас тарту деп түсінуге де болады, себебі жазылғанның, таңбаланғанның бәрі де орфография еншісіне өтеді. Сондықтан табиғи сипаты басым орфоэпияны реттеу, жұртшылықты академик Р.Сыздық нұсқағандай:«орфоэпиялық нормаларға баулу, ол нормаларды арнайы үйрету жұмыстары өз дәрежесінде» [1,197-б.] болуы тиіс. «Қазіргі қазақ орфоэпиясы нормаларын реттеп баяндау, ережелерін түзу сияқты атқарылған істер бар, бірақ нормалардың кодификациясы әлі жоқ, яғни ол заңдылықтар заңдастырылып (оқытылып, міндеттеліп, тіпті емле ережелері сияқты ресми түрде бекітіліп) тұрақтандырылған жоқ» [1,198-б.].Дұрыс дыбыстауды, сөздерді дұрыс айтуды орфоэпиялық сөздіктер арқылы ретке келтіру қажет, ал орфография өз заңымен жүреді.
Қазіргі коммуникацияның негізінде жазу жатыр. Жазу орфографияға сүйенеді. Жазба дәстүр қалыптасқаннан соң әдеби тіл ұғымы бел алады, әдеби тіл мен оның нормасы жазуғатәуелді болғандықтан, жазба тілдің норма қалыптастырудағы рөлі алдыңғы орынға шығады. Жазу – әдеби тілді қалыптастыруға, оны нығайтуға және қолданысын кеңейтуге ықпал ететін қуатты құрал. Бұл құралдың қуатынөркениет асыра береді.Өйткені өркениет дамыған сайын әдеби тіл де, жазу да одан сайын күшейетіні – заңдылық.
Жазу да, жазба коммуникация да – уақыт тудырып отырған құбылыс. Қаласақ та, қаламасақ та бар, бола беретін және негативі мен позитиві қатарласа жүретінықпалды әрі жандықұбылыс. Сондықтан «сөздерді дұрыс жазуға арналған орфографиялық ережелерді өзіміз жасаймыз, ол жазу таңбасы өзгерген сайын жаңадан түзіліп, оның өзі уақыт өткен сайын жетілдіре түсу мақсатымен өңделіп, қырланып, толықтырылып отырады», — дейді академик Р.Сыздық [1, 194-б.]. Ол ықпал тағы да біріккен сөздерден байқалады. Сөзді біріктіруді журналистер де, көркем сөз иелері де, ресми қағаздардың үлгісін жасаушылар да – бәрі де пайдаланады. Айталық өнеркәсіп сөзі «Қазақ» (1913-1918 жж.) газетінде екі түрлі жазылған. Басында өнер кәсіп түрінде, кейінде өнер-кәсіп деп дефиспен жазылатын болған. Сол өнеркәсіп сөзі қазір тек бірге жазылады. Өзгеріс көрер көзге айқын. Өткен ғасыр басындағы сөз (термин десек тіпті дәл) жазылуы бүгінгі күні өзгерген. Осы өзгерген, бірақ санамызға сіңіп кеткен сөздің жазылуын өткен ғасыр басында тіл табиғи қалпына жуық болғанда бөлек еді, қайтадан бөліп жазу керек деген жаңсақ ұғым тумаса керек. Әсіресе, бұл сөздің бірге тұрған тұлғасын жадта сақтаған жазармандардың бөліп жазумен келісуі қиын. Оны кешегі 80-жылдардағы жазу нормасын аңсайтын қалың топтың көзқарасынан байқауға болады. Жазудың ескі стереотиптерінің, яғни бұрынғы нормаларының жадта ұзақ уақыт сақталатыны, жаңа жазуда, жаңа ережелермен жарыса өмір сүре беретіні жазу теориясында жиі айтылады. Сол сияқты тек сөздер емес, әріптер де графикалық символ ретінде санада сақталады, бірақ өзгерістер тоқтаусыз жүре береді.Жадтағы ескі мен жаңаның күресі қиындықтар тудырғанмен, біртіндеп бір қалыпқа түседі. Сондықтан тек тілдік бірліктер ғана емес, ғылымның жаңа сапаға өтіп отыруының өзі –заңдылық. Тіл қатып қалған догма, қозғалыссыз құрылым емес. Ол динамикалы және өміршең күйін жоғалтпайтын, үдерістері көп күрескер құбылыс. Ал орфографиялық сөздікті құрастырушылар бұл үдерісті барынша пайдалана алады, өзгерістердің қолайлысын назардан тыс қалдырмайды, елеп-екшейді, барды жетілдіреді. Материал,тілдік фактілер түрлі стильдер, жанрлар мәтіндерінен жинастырылады және қор жеткілікті.
Қазіргі кезде қазақ тілінің сөйлеу актісінде дұрыс дыбыстауға оның жазба түрінің ықпалы едәуір екені де, жазу арқылы тілдің танылатыны да рас. Жазылуы қиындық тудыратын сөздердің біраз екені белгілі. Қалай дегенде де бұл жазба тілдің ерекшелігі. Ондайда кейбір орфограммасы қиын сөздердің дұрыс жазылуын грамматика арқылы реттеуге болады. Мысалы, шәй – айтылуы, шай деп жазамыз, өйткені қосымшаның бәрі де жуан жалғанады:шәйлер емес, шай-ларт.б. Сондықтан мақалада әсерлесудің біржақты еместігін көрсету, ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілге әсері болатынына тоқталу мақсаты көзделгенін айту керек.
Ауызекі тілдегі арго, жаргон сөздер тіл мәдениетіне кері ықпал ететіні, тілді шұбарлайтыны рас. Сөз жалаң болмас үшін мысалдар келтіруге болады: «Тағы олар 11 перомен жазу жазды. «Кирілисә» әріптеріне үйренді; «Құдай жоқ, Дарбин деген ғалым адамның маймылдан шыққанын зерттеп, тошны дәлелдеген, дейтін; «Тот құдайдың басы құс сияқты, саусақтары адамның саусақтарына құсайды, бұтына қыздардыңкі сияқты гәмәж киіп алған»; «Кейін «Алгебрә, қыймия қонбайды менің мыйыма» деген өлең жаттады; «Шірікбай алгебрәдән мүлде қақпайтын»; «Пионербажатый Гүлмирә апай қалай шапалақ ұруды үйретті»; «Пизрук Төребек екі саусақпен қалай ысқыруды үйретті»; «Бешірге бір жәшік лиманат, бір шиша тұздалған бәдірең алды. Бешірде олар бәліс билей алмады»; «Бір рет Монтайтастың көк аптобұсыменШымгетке барды»; «Сапаралы көкесі өмлет сатып әперді. Ауылда тұқымды бұлай жемейтін, қалада басқа ғып, сәндеп жейді екен. …Ояқта сібірде Диәкініп деген иакүт екеуі бірге шошқа бақты»; «Әлбомын қорғасын қағазбен сәндеген»; «Сонда Шірікбай шишкәрдыңәптаритеті бір қатты көтерілген»; «Осы отқа май құйу – жұртқа бір үркі мәрдән боп кеткен»; «Талай рет айлық, преміиа, ыстаж алды»; «Алғашқыда «Бермұт» деген бино ішті; Гәгәдәпибо ішетін»; «Сыртының суреті әдемі еді жідә»; «Ленін өсиеті» деген қағазы сарғыш аудандық гәзет алатын; «Басқа не ойлайд?»; «Тәпен нан – менің жаным ғой» деген оның сөзі ауыл ішінде апоризім боп тарап кеткен» және т.б.Мысалдардағы жаргон сөздердің тіл сынын бұзып, тілді шұбарлауына көзді жұмып қарауға болмайды, өйткені тіл мәдениетіне қайшы. Бірақ әсерлесудің тағы бір қыры осы жерде байқалатын сынды, ол үшін қалыптасқан көзқарастар ауқымынан шығу жөн, яғни мысалдардағы кей сөздердің жазылуына үрке қарамау керек.Кейбір кірме сөздердің жазу үлгісіне мысалдардыңкейбірін модель, үлгі қылуға болатыны жөнінде ойлану керек. Ол аударылмайтын кейбір көшпелі лексика элементтеріне және кейбір кірме сөздерге қатысты осы ой осыған дейін өзге тілде қалай дыбысталса, солай жазылып келген сөздерді халық айтылымына салып, пайдалансадеген ниеттен туындап отыр, мысалы: гәзет,әлбом,апоризім, өмлет,лиманат,алгебрә, қыймия, кирілисә, аптобұс, преміиа, ыстаж және т.б.
Қазақ тіліндегі кірме сөздер айтылымының орыс тілінің айтылымына сәйкестігіәсерлесудің тағы бір қырын көрсетеді. Мысалы, прафесыр – орысша айтылым немесе айтылуына жуық түр. Ал еуропа тілінде бұл сөз басқаша айтылады. Қайсысын алу керек? Қайтсек, адаспаймыз?
Кірме сөздердің халық тіліндегі айтылым нұсқаларының жазу нұсқасын жасауғаәсері тиюі мүмкін деген оймен мысалдар берілді. Әрине, жаргондар мен арголар (тошны, перо, бешір) туралы әңгіме бөлек.
Тілдік фактілерорфография мен орфоэпияның, сөйлеу тілі мен жазба тілдің, лексика мен грамматиканың әсерлесуінің кейбір қырларына байланысты келтірілді.
Бағдан Момынова,
филология ғылымының докторы, профессор,
ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері