Әлемдік өркениет көшіне үлкен үлес қосып, дүние жүзінің картасында оңтүстікте Ақ теңізден солтүстігінде Еуразияның даласын басып, Мұзды мұхитқа дейін, шығысында Саян, Алтайдан бастап, Орал тауларына дейін аса ірі аймақты иемденетін түркі халықтарының тілдері қолданылу жағынан, дамуы тұрғысынан, ресми мәртебесі жөнінен әр алуан. Оның тарихи себептерін көпшілігіміз жақсы білеміз дей келе,бәріміздің басымызды қосқан осы семинар-кеңестің мүмкіндігін пайдаланып, тағы да бір рет туыстас тілдердің ахуалы жөнінде айтқымыз келеді. Қазіргі кезде түркі халықтарының 7 мемлекеті бар екен. Олар: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркие, Түркіменстан және Түрік Кипр республикалары. Бұл мемлекеттерде 6 тіл мемлекеттік немесе ресми тіл мәртебесіне ие. Осы тілдерде сөйлеушілер санының әртүрлі болуына қарамастан, олардың ресми мәртебесі аса маңызды. Яғни, бұл мемлекеттердегі түркі тілдерінің жағдайы өте жақсы деуге болады. Өйткені бұл тілдер заңмен қорғалған, қамқорлыққа алынған. Түркі тілдерінің келесі тобына автономиялық құрылымдардағы тілдерді жатқызамыз. Олар: башқұрт, татар, тыва, саха, қарақалпақ, ғағауыз, қарашай-балқар тілдері. Ресей, Өзбекстан, Молдова мемлекеттерінің ішіндегі бұл тілдердің де қолданылуы, оларға деген қажеттілік пен сұраныс әртүрлі. Мәселе, сол мемлекеттердің ұлттық саясатында және демографиялық жағдайдың барысында. Айталық, ұлттық автономиясында басым көпшілікті құрайтын татар, саха, тыва, ғағауыз тілдеріне қарағанда, ұлттық автономия халқының жартысына да жетпейтін башқұрт, қарақалпақ, хакас, алтай тілдерінің жағдайы бірдей емес екендігі түсінікті. Автономиялық құрылымдардағы түркі тілдеріне назар аударсақ, олардың барлығы посткеңестік кеңістіктегі тілдер екенін байқаймыз. Алдымен Ресей империясының, кейінірек Кеңестер одағының құрамында болған түркі тілдеріне тән құбылыс миллиондаған адамның өз ана тілдерінде білім алмауы, қызмет істемеуі. Соның салдары қазіргі кезге дейін сезілуде. Қазақстанда да осындай мәселе бар. Әсіресе үлкен қалаларда тұратындар көбінесе орыс тілінде сөйлейді, қызмет істейді. Әрине, кеңестік билік ыдырағаннан кейін посткеңестік кеңістікте ұлттық жаңғыру ерекше байқалды. Дегенмен тіл мәселесі біздің ойымызша ұлттық автономияларға толық шешілмеуде. Мемлекеттілігі және автономиялық мәртебесі бар түркі халықтарының тілдік мәселесінің толық шешім табуының саяси мүмкіндіктері бар. Мәселе тұтынушылары аз, шашыраңқы орналасқан түркі халықтарының тілдік проблемасы қиындау. Біздің ойымызша, ондай тілдердің өкілдерімен біздің байланыстарымыз мардымсыз. Соған орай, осы семинар-кеңесті пайдаланып түркі тілдерінің дүниежүзілік ассоциациясы деген сияқты халықаралық қоғамдық ұйым құрылуы қажет сияқты. Қазіргі кезде «Түрксой» ұйымы, мемлекеттер мен автономиялардағы зерттеу институттары, орталықтар бұл проблемамен шұғылданбайды. Шұғылданған күннің өзінде тек қана ғылыми қызығушылықпен қарайды. Біздің ойымызша, тұтынушылары азайып бара жатқан түркі тілдеріне дәл осылайша этнографиялық көзқараспен қарау аздық етеді. Қазақстанда тұратын түркі халықтарының тілдік жағдайына келсек, бізде де ахуал әртүрлі. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие екенін білесіздер. Мемлекеттің Конституциясы бойынша біздің елімізде ана тілдерін оқып-үйренуге мемлекет толық қамқорлық жасайды. Өзбек, ұйғыр мектептерінің жүйесі жасалынған. Қалған тілдер әртүрлі курстар арқылы оқытылады. Әр облыста ашылған «Достық» үйлері, этномәдени бірлестіктер осындай оқыту курстарын мемлекеттік қамқорлық арқылы ұйымдастырады. Біздің ұлттық орталық жылсайын Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен оқу құралдарын шығарып таратады. Біздің ойымызша, мәселе үйретуде ғана емес, мәселе әр адамның өзінің ана тіліне деген қатынасына байланысты. Мұндай әртүрлі қатынас Қазақстанда ғана емес, жалпы посткеңестік елдерде тұратын халықтардың көпшілігіне тән. Жалпы әлемде саны 200 миллионнан асатын түркі халықтары бірнеше әліпбиді қолданатынын білеміз. Атап айтсақ, 56 пайызға жуығы латын, 25 пайызы араб, 17 пайызы кирилл әліпбилерін және өте аз бөлігі грек, еврей әліпбилерін қолданады екен. Бұл арада кирилл әліпбиін қолданатындар азайып, латын әліпбиін қолданатындар санының көбею динамикасын атап айтуға болады. Көне түркі әліпбиінен қазірге дейінгі тарихи дамуды қарасақ, түркі халықтарында әліпби реформасы ХХ ғасырда екі рет жүргенін байқаймыз. Біріншісі, 1920 жылдар, екіншісі, 1990 жылдар. Біріншісі, кеңестік саясаттың ықпалымен жүзеге асып,оның ғылыми негізі 1926 жылғы Баку сиезінде жасалды. Осы кезеңде көптеген түркі халықтарының тілі латын графикасына көшірілді. Екіншісі, кейбір түркі халықтарының тәуелсіздік алуымен байланысты екенін жақсы білесіздер. Латын әліпбиіне көшуде Стамбул қаласында 1991 жылы өткізілген халықаралық симпозиумда қабылданған жалпытүркілік әліпби жобасының маңызы болды. Осы әліпбиді 1991 жылы желтоқсанда Әзербайжан, 1993 жылы сәуірде Түркіменстан, қыркүйекте Өзбекстан қабылдады. Бірақ 1992 жылы оған Әзербайжан өзгеріс енгізсе, көп ұзамай Түркіменстан, Өзбекстан басқа үлгідегі әліпбилерді қабылдады. Түбі бір – түркі тілдерінің ұқсастықтары мен бірге ерекшеліктері де бар. Сондықтан бәріне бірдей, тіпті бірнеше тіл үшін бір әліпби жасау оңай емес. Дегенмен біздің ойымызша, әліпби түзудің ортақ ғылыми принциптері болғаны жөн. Ол үшін әр дыбысты беруге арналған латын таңбалары және диакритикалар орнымен қолданылу керек. Мысалы, Ортақ түрік әліпбиінде жіңішке дауыстыларды белгілеу үшін умлаут, қысқа дыбыстарды белгілеуге бревис, мұрынжолды дауыссызды беру үшін тильда, қатаң, ызың дыбыстарды белгілеу үшін седиль қолданылғанын білеміз. Мәселе осы принциптен шықпауда. дейін сезілуде. Қазақстанда да осындай мәселе бар. Әсіресе үлкен қалаларда тұратындар көбінесе орыс тілінде сөйлейді, қызмет істейді. Әрине, кеңестік билік ыдырағаннан кейін посткеңестік кеңістікте ұлттық жаңғыру ерекше байқалды. Дегенмен тіл мәселесі біздің ойымызша ұлттық автономияларға толық шешілмеуде. Мемлекеттілігі және автономиялық мәртебесі бар түркі халықтарының тілдік мәселесінің толық шешім табуының саяси мүмкіндіктері бар. Мәселе тұтынушылары аз, шашыраңқы орналасқан түркі халықтарының тілдік проблемасы қиындау. Біздің ойымызша, ондай тілдердің өкілдерімен біздің байланыстарымыз мардымсыз. Соған орай, осы семинар-кеңесті пайдаланып түркі тілдерінің дүниежүзілік ассоциациясы деген сияқты халықаралық қоғамдық ұйым құрылуы қажет сияқты. Қазіргі кезде «Түрксой» ұйымы, мемлекеттер мен автономиялардағы зерттеу институттары, орталықтар бұл проблемамен шұғылданбайды. Шұғылданған күннің өзінде тек қана ғылыми қызығушылықпен қарайды. Біздің ойымызша, тұтынушылары азайып бара жатқан түркі тілдеріне дәл осылайша этнографиялық көзқараспен қарау аздық етеді. Қазақстанда тұратын түркі халықтарының тілдік жағдайына келсек, бізде де ахуал әртүрлі. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие екенін білесіздер. Мемлекеттің Конституциясы бойынша біздің елімізде ана тілдерін оқып-үйренуге мемлекет толық қамқорлық жасайды. Өзбек, ұйғыр мектептерінің жүйесі жасалынған. Қалған тілдер әртүрлі курстар арқылы оқытылады. Әр облыста ашылған «Достық» үйлері, этномәдени бірлестіктер осындай оқыту курстарын мемлекеттік қамқорлық арқылы ұйымдастырады. Біздің ұлттық орталық жылсайын Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен оқу құралдарын шығарып таратады. Біздің ойымызша, мәселе үйретуде ғана емес, мәселе әр адамның өзінің ана тіліне деген қатынасына байланысты. Мұндай әртүрлі қатынас Қазақстанда ғана емес, жалпы посткеңестік елдерде тұратын халықтардың көпшілігіне тән. Жалпы әлемде саны 200 миллионнан асатын түркі халықтары бірнеше әліпбиді қолданатынын білеміз. Атап айтсақ, 56 пайызға жуығы латын, 25 пайызы араб, 17 пайызы кирилл әліпбилерін және өте аз бөлігі грек, еврей әліпбилерін қолданады екен. Бұл арада кирилл әліпбиін қолданатындар азайып, латын әліпбиін қолданатындар санының көбею динамикасын атап айтуға болады. Көне түркі әліпбиінен қазірге дейінгі тарихи дамуды қарасақ, түркі халықтарында әліпби реформасы ХХ ғасырда екі рет жүргенін байқаймыз. Біріншісі, 1920 жылдар, екіншісі, 1990 жылдар. Біріншісі, кеңестік саясаттың ықпалымен жүзеге асып,оның ғылыми негізі 1926 жылғы Баку сиезінде жасалды. Осы кезеңде көптеген түркі халықтарының тілі латын графикасына көшірілді. Екіншісі, кейбір түркі халықтарының тәуелсіздік алуымен байланысты екенін жақсы білесіздер. Латын әліпбиіне көшуде Стамбул қаласында 1991 жылы өткізілген халықаралық симпозиумда қабылданған жалпытүркілік әліпби жобасының маңызы болды. Осы әліпбиді 1991 жылы желтоқсанда Әзербайжан, 1993 жылы сәуірде Түркіменстан, қыркүйекте Өзбекстан қабылдады. Бірақ 1992 жылы оған Әзербайжан өзгеріс енгізсе, көп ұзамай Түркіменстан, Өзбекстан басқа үлгідегі әліпбилерді қабылдады. Түбі бір – түркі тілдерінің ұқсастықтары мен бірге ерекшеліктері де бар. Сондықтан бәріне бірдей, тіпті бірнеше тіл үшін бір әліпби жасау оңай емес. Дегенмен біздің ойымызша, әліпби түзудің ортақ ғылыми принциптері болғаны жөн. Ол үшін әр дыбысты беруге арналған латын таңбалары және диакритикалар орнымен қолданылу керек. Мысалы, Ортақ түрік әліпбиінде жіңішке дауыстыларды белгілеу үшін умлаут, қысқа дыбыстарды белгілеуге бревис, мұрынжолды дауыссызды беру үшін тильда, қатаң, ызың дыбыстарды белгілеу үшін седиль қолданылғанын білеміз. Мәселе осы принциптен шықпауда.
Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, ф.ғ.к.