Балалар әдебиеті жылы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.

Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Осы орайда, Түркістан қалалық балалар  кітапханасының ұйымдастыруымен балалар жылына орай «Балалар әдебиеті жылы» топтамасымен жас оқырмандардың қатысуымен бірқатар шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Атап айтқанда, Халықаралық  балалар  және  жасөспірімдер  кітабы  күніне  орай апталықтың  бірінші  күні «Балбөбектер, балалар,  болашағым- бақытым!» атты  кітап көрмесі «Ұлы дала елі»  музейінде  ұйымдастырылды.  Музейге  саяхаттап  келген  балалар  тарихи   жәдігерлермен  қоса   рухани  жәдігерлеріміз  кітап көрмесімен  танысты.  Кітап көрмесін  балаларға  кітапханашы  Жұмантаева Ақсұлу  кеңінен  насихаттап  өтті.  Көрмені  таныстыру  барысында  балаларға, балалар  кітабы мерекесі  туралы не білесің?  Бұл  қалай  пайда болды, қашаннан  бері аталып  келеді?  Мереке  күні  досыңа  қандай  кітап  сыйлар  едің? деген  балалардың  қызығушылығын  арттыратын  сұрақтар  қойылды. Оқырмандар кітап көрмесімен танысу барысында қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өздеріне қажетті көптеген мағлұматтар алғанын айтып, кітап көрмелерінің жиі ұйымдастырылуын ұсынды.

Сонымен қатар, №3 кітапхана-филиалы Халықаралық балалар кітабы күніне орай және Г.Х.Андерсеннің туылған күніне орай Г.Х.Андерсеннің Ханшайым ертегісін балаларға оқып берді. №5 кітапхана-филиалы «Алтын жерде, білім кітапта» атты кітап көрмесі, №9 кітапхана-филиалы «Алтын жерде, білім кітапта» атты библиошар ұйымдастырылды.

Балалар  кітапханасының  ұйымдастыруымен  «Менің  сүйікті  әдеби — кейіпкерлерім»  атты тақырыпта 1-4  сынып  оқырмандарының  қатысуымен  сурет  байқауы  өтті.  Балалар  өз   қиялдарына  ерік  беріп,   сүйікті  кейіпкерлерін  қағаз  бетіне  түсіріп,  көркем  суреттермен  өз  кейіпкерлерін  жақсы   суреттей  білді.  Оңласын  Аружан  I  орын, Оразбек   Нұрғиса  II  орын,  Оразбек  Диас,  Әбубәкір  Нұрайлым  III  орындарды  иеленсе  қатысушылардың  барлығы  алғыс  хаттармен  марапатталды.

Балалар  кітапханасының  оқу залында  қазақтың көрнекті ақыны  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ескен Елубаевтың  туғанына  80 жыл  толуына орай  «Балалар  әлемін  барлаған» атты  тақырыпта  ертеңгілік  ұйымдастырылды.  Ертеңгілік  барысында  балалар ақынның  шығармашылығымен  танысып,  өлеңдерін  жатқа  айтып,  жұмбақтарын  шешіп,  ойлау  және   танымдық  қабілеттерін  дамытты.  Сонымен  қатар «Өнер»  мектебінің  ұстазы  Каликулов  Жағыппар  «Сарыарқа», «Көңіл  толқыны»  күйлерін  орындады.

Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 23-сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық  қорғау күніне орай  «Жеңіс» саябағында «Кітап сыры тереңде, оқып маржан терейік…» атты тақырыпта ашық аспан астында кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесін балаларға  кітапхана меңгерушісі Әлмахан Нұргүл насихаттап таныстырды. Кітап көрмесін көріп тамашалаған көрерменге жауабын көрмедегі кітаптан табуға болатын  сұрақтар қойылып, балалар белсенді жауап берді. Кішкентай балалар өлең оқып, ән шырқап, ертегі оқыды. Ашық аспан астында ұйымдастырылған кітап көрмесі оқырмандардың ерекше қызығушылығын арттырды.

Сонымен қатар «Кітап деген бір әлем» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін аудару, кітап тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы, рухани қазына екендігін насихаттау. Көрмеге кітапсүйер қауымды қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы әдебиеттер қойылды.

«Жеңіс» саябағында Түркістан қалалық орталық кітапханасы және балалар кітапханасы мен кітапхана-филиалдарының бірлесе отырып ұйымдастыруымен  2022-«Балалар жылы» аясында «Балалар кітап әлемінде» атты мерекелік шоу ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана оқырмандары жанды дауыста керемет әндер шырқап, поэзия оқып, күй де тартты. Көрме жанына  қойылған ұяшықтарды таңдау арқылы  ұяшықтан  шыққан сұрақтарға оқырмандар мен көрермендер белсенді жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Мерекелік шоудың ең қызығы «Ғажайып ертегілер әлемінде» атты библиоперфоманста ертегі кейіпкерлері қонақта болды. Керемет  күш иесі, тау көтерген Толағай,  Мен Алдармын, Алдармын  деп жырлаған Алдар Көсе, үш дәудің зәресін алған Қаңбақ шал, Бай мен Бәйіпшесі, ертегінің жағымсыз кейіпкері Мыстан кемпір, Қызыл телпек, Сайқымазақ, Маша мен Аю балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Әрине балаларға қуаныш сыйлаған ертегі кейіпкерлері кітапханашылар… Мерекелік шараға арнайы жасалған «Балалық шаққа кітаппен», «Түркістанның таңдаулы туындысы», «Түркістан-рухани құндылығымыздың астанасы», «Бақытты бала — бақытты ел» атты төрт бөлімнен тұратын кітап көрмесі жасалып, оқырмандарға насихатталды.

«2022  – Балалар жылы» аясында балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен «Кітаппен өткен жаз қызық» атты библиокруиз ұйымдастырылды.  Библиокруиз шарасында табиғат аясында серуендеп жүген отбасыларға, балаларға, ертегі әңгіме, поэзия, проза жанрларында  кітаптар таратылып, кітап оқыған балаларға, ата -аналарға балалар кітапханасының мекен  жайы жазылған парақшалар таратылды. Сонымен қатар «Балалық шаққа кітаппен» атты кітап көрмесі жасалып насихатталды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *