«… Қазақ тілін біртіндеп әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастаумыз керек. Біз бұл шешімді тәуелсіздік алған тұстан бастап қоштап келесміз. Енді нақты іске кірісу қажет.» Елбасы мақаласында осылай деп, бұйрық күшіне енбей жатып, қызу талқыға түсті. Басым бөлігі жаңа жүйеге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін білдірді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2020 жылдан бастап әліпбиіне көшуге кірісу керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз жеткізу үшін не істеу керек? Ел ішіндегі елеулі оқиғаларға бей-жай қарамайтын Түркістан қаласының тұрғындары көкейіндегі көркем ойларымен бөлісті.
Қарлығаш Маратқызы, Түркістан қаласының тұрғыны:
Бұл мәселе осыдан 5 жыл бұрын көтерілген болатын.Сол кезден бері көп көкейінде «ерте ме, кеш пе, еліміз латын әліпбиіне көшеді, соған дайындала беруіміз керек» деген салмақты ой бар еді. Бүгін сол үкілі үміт сәулесінің куәсі болып отырмыз.. Бұл жазу түрі тарихымызда болған. Сондықтан, халықтың қабылдауы жеңіл болады деп ойлаймын. Халық болып бір ауыздан елбасы шешіміне қолдау көрсетіп, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.Осылай ғана біз өркениетті елдермен тереземіз тең болып, бәсекеге түсе аламыз.Дәл қазір біздің елдігіміз бен бірлігіміз сыналар сәт келді. Халық осы сыннан сүрінбей өтеріне сенімім мол.
Жадыра Әлімова, студент:
Бұл шешім қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған өткір мәселе. көшудің қажеттілігін атап өтті. Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бірізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді. Бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты көпті көрген көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым өкілдері ой қозғап, оң көзқарас танытты. Менде осы пікірге қосыламын. Бұл мәңгілік ел болуға жетелер нақты шешім деп едім. Ғаламдағы тың бастамалар мен жаңашылдықтар бәрімізге түсінікті, ортақ болар еді. Білім көкжиегіміз кеңейеді. Өз басым жакңа жүйеге қос қолдап қолдау көрсетемін. Халықты да ауызбіршылыкпен бірлікте іс қылуға шақырамын.
Ақмарал Берік, Түркістан қаласының тұрғыны:
Ендігі міндет – ғалымдар ауызбіршілікпен латын әліпбиінің ең тиімді нұсқасын анықтап, оны заң жүзінде бекітсе, қалғаны оңай деп ойлаймын. Осы мәселе жедел түрде шешімін тапса, қоғам да, жастар да тез бейімделіп кетер еді деген сенімдемін.Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей сәнге айналады деп ойлаймын. Өйткені, қоғамдағы жарнаманың өзі ағылшынша жазылса, адам назарын бірден аударады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде ағылшынша жазатын жастар көбейіп барады. Қуантарлық жайт, әрине.
Ақбота Сопбек, тіл маманы:
Ең әуелі, латын графикасына көшудің оңы мен солын саралап алғанымыз жөн деп ойлаймын. Соған талдау жасап, мәтіннің оқу әуезін, әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек. Сондай-ақ, кейбіреулер компьютердің көмегімен барлық дүниені латын әліпбиіне көшіре салуға болатынын айтады. Меніңше, бұлай жеңіл жол іздеген дұрыс емес. Мазмұнды оқулықтар мен әдебиеттің барлығын 100 пайыз сауатты етіп аударып шығу қажет. Өйткені, кезінде араб әрпінде жарық көрген құнды деректеп мен әдебиеттеріміз әлі күнге дейін шаң басып тұр. Еш қажетімізге жарата алмадық.. Келешекте латын әліпбиіне көшетін болсақ, сол баяғы, қазіргі кездегі рухани дүниелеріміздің бәрін сауатты аударып, келешек ұрпаққа рухани ретінде қаолдырар едік. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу үшін емле ережесінің сақталуына баса мән берілу қажет. Бірізділік, ортақ қағида болуы шарт. Өйткені, латын графикасында жазғанның жөні осы деп әркім өз білгенімен әр түрлі таңбаны қоя берсе, мұның соңы сауатсыздыққа әкеліп соғады. Осының алдын алу қажет. Төртіншіден, балабақшаларда, мектептерде, жалпы оқу үрдісінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән — каллиграфия (жазу өнері) деген сабақты енгізу қажет. Мұны тез арада қолға алған жөн. Сондай-ақ, латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер дайындау қажет. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін тез арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ.
Шалқар Құттыбаев, Түркістан қаласының тұрғыны:
Дәл қазіргі таңда саннан сапаға, сөзден іске көшетін уақыт жетті. Кейбіреулер әлі латын әліпбиіне көшуге үрке қарайды. Кезінде солақай саясаттың салдарынан халықтың мәдениеті, әдебиеті, тілі жойылып кетуге шақ қалғанын тарихтан білеміз. Сондай зұлмат замандарды басынан өткерген кейбір ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбалары бізде сақтаулы тұр. Мұндай мол мұраларды жас буынның кәдесіне жаратып, ғұмырлы ету үшін келешегі кемел латын әліпбиіне көшудің және шығармаларды сауатты аударудың маңызы зор деп білемін. Осы жолда көп жұмыстар атқарылуы қажет.
Айнұр Ахметова, Түркістан қаласының тұрғыны:
Болашақта мемлекеттік мекемелердегі іс-қағаздардың барлығы латын әліпбиінде жүргізілетін болады. Осы мәселеге байланысты белгілі бір мемлекеттік бағдарлама түзілуікерек деп ойлаймын.. Сол кезде біз латын әліпбиіне байланысты нақты қандай жұмыстар жүргізу керек екеніне көз жеткіземіз. Осы бастан халықтың құлағына құйып, санасына сіңдіру қажет. Ол үшін алдымен біртіндеп көрнекі ақпараттарды өзгертіп, халықтың көзін соған үйрете беруіміз керек. Мысалы, қоғамдық орындарда, жарнама парақшалары менсауда кешендерінің атын латын тілінде жазған жөн. Әрине, бастапқыда түрлі сын-ескертпелер болуы заңдылық. Сынды дұрыс өабылдап, мінді түзету қажет.
Дінмұхаммед Жарылқасын, студент:
Кез-келген істің бастамасында қиындық кездесетіні айдан анық. Бірақ, латын әліпбиіне көшу мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Өйткені,бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қызу талқыға салынып, көпшілік тарапынан қолдау тапқан шешім. Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Жаңа жүйеге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн деп есептеймін.
Түйін: Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларды игеруде латын әліпбиінің алар орны орасан. Жаңа жүйеге көшу арқлы халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады.
Елбасы: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты десе, ғалымдар: осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікірде.
Мақсат айқын. Кезек істе. Діттеген межеге қол жеткізіп, нәтиже шығару үшін,бірлікте, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасау қажет. Латынға көшу тек бір адамның ғана емес, бүкіл халық болып атқарар ұлы шаруа. Жүрегі «елім» деп соққан әрбір ұлтжанды азамат үшін абыройлы міндет болмақ.