ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» 3500-ГЕ ЖУЫҚ АРДАГЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Былтыр Түркістан қаласында ардагерлер мен зейнеткерлерге, сондай-ақ ерекше жағдайдағы азаматтарға қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылған болатын.
Орталықта 3 бөлім, яғни «Белсенді ұзақ өмір сүру», «TEN QOGAM», «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» жұмыс істейді. Өткен жылы орталық 360 адамға 6 бағыт бойынша 3 486 қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, «Әлеуметтік-медициналық» қызмет бойынша – 2206, «Әлеуметтік психологиялық» қызмет – 657, «Әлеуметтік құқықтық» қызмет – 43, «Әлеуметтік ағартушылық» қызмет – 165, «Әлеуметтік еңбек терапиясы» — 46, «Әлеуметтік демалыс» қызмет (шахмат, бильярд, экскурсия т.б) — 369.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін «TEN QOGAM» орталығында бүгінде 222 адамға 7 бағыт бойынша қызмет көрсетіліп келеді. Орталықтың қолдауымен 10 азамат жұмысқа орналасса, 49 адам арнайы кәсіпкерлік бағыты бойынша оқу курстарына қатысып, 11-і мемлекеттік грант иегері атанды.
Одан бөлек, орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімі жұмыс істейді.
Орталықта қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. Зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен психологиялық көмек, тұзды бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис, қосымша би, ән сынды үйірмелері ұйымдастырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *